Наурыз келді наурыз Арқа жарқа ауылмыз Салт дәстүрді сақтаған Ағайын дос бауырмыз

Наурыз мейрамы — осындай сөздермен басталды. Наурыз- Жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі, Қазақстандағы көктем мен молшылық мерекесі.Осы күндері «Наурыз мейрамы», жалпы халықтық көктем еңбек және бірліктің мерекесі болып қалыптасты. Бүгінгі таңда бұл мереке көп ұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін бірдей қымбат. Ежелгі Наурыз мерекесі ежелгі дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, қазіргі заманға сай өмірге айналды.Міне біздің де ұжымымыз бұл мерекені көңілді, әнмен, ұлттық тағамдармен атап өтті. Концерттік бағдарламада домбыраның үні естіліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде өлеңдер орындалды, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілді.Көктем мерекесімен!