Аймақтық кәсіподақ ұйымының қолдауымен Кәсіподақ орталығының мәжіліс залында «Еңбек заңнамасы және кәсіподақтың қызметкер құқығын қорғауы.

2018 жылдың 28 қарашасы аймақтық кәсіподақ ұйымының қолдауымен Кәсіподақ орталығының мәжіліс залында «Еңбек заңнамасы және кәсіподақтың қызметкер құқығын қорғауы. Жұмыс кезіндегі дауларды сотқа дейін шешу. Келісу комиссиясы жұмысының құқықтық мәселесі» атты семинар өтті. Семинар қала мен облыс аудандарындағы бастауыш медициналық ұйымдардың кәсіподақ комитеттерінің басқарушылары мен мүшелері үшін ұйымдастырылды. Бұл оқу семинары «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы бастамасымен өткізілді.

 

Семинарға қатысушыларды кіріспе сөзімен «Павлодар облысының кәсіподақ орталығының» төрағасы Д.Айтжанова қарсы алды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы С.Түлегенованың айтуынша, бұл семинар бастауыш ұйымдардың төрағаларының кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша сауаттылығын арттырады.

Семинар барысында атқарылған жұмыстар таныстырылды, қатысушылар топта жұмыс істеді және ұсынылған кейстер бойынша еңбек дауларын шешуге тырысты. Оқыту семинарына Павлодар қалалық сотының соты А.Сайран, кәсіби медиаторлар: М.Иванова мен И. Седлецкая арнайы шақыртылды. Семинар соңында барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды.