2 сәуір күні аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні деп жарияланды

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы қарарымен, аутизмге шалдыққан балалардың мәселелеріне назар аудару мақсатында, 2 сәуір күні аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні деп жарияланды (World Autism Awareness Day).

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚҰ –ның Павлодар облыстық филиалымен, бастауыш ұйымдардың күшімен 2 сәуірде түрлі акциялар ұйымдастырылды. Оладың негізгі мақсаты осы ерекше балаларға назар аудару, оларды әлеуметтендіру. Тәжірибелі психологтар аутизм ерекшеліктері, психологиялық түзету тәсілдері және балалардың әрі қарай әлеуметтік бейімделуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тақырыптық буклеттер дайындалып, таратылды. Қызметкерлер «жаңбыр балаларын» қолдау акциясына, флеш-мобқа қатысты. Павлодар Жоғары медициналық колледжінің волонтерлері «Алтын Бата» балаларды оңалту орталығына барып, аниматор ретінде мерекелік бағдарламамен өнер көрсетті. Балалары аутизмге шалдыққан денсаулық сақтау медициналық ұйымдарының қызметкерлеріне естелік сыйлықтар беріліп, материалдық көмек көрсетілді.

Аутизм-бұл үкім емес. Біздің басты міндетіміз-бұл барлық ерекше балалар үшін қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін жағдай жасау.

Өткізілген іс-шаралармен біз алға қойған міндеттерді іске асыру жолында шағын болса да, бірінші қадам жасадық.