Акция «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ»

Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Халықаралық адам құқықтары күні атап өтіледі, оның шеңберінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресудің 16 күні», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» және т. б. акциялар өткізіледі.

6-шы желтоқсан «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы «Павлодар қалалық белгілі бір тұрғылықты жері жоқ балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» КММ базасында дөңгелек үстел өткізді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күресте Еуропалық кәсіподақ мүшелерінің қызметі туралы, жұмыс орындарындағы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою және гендерлік теңдікке қол жеткізу мәселелері бойынша «SENIM» «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова баяндама жасады. Тұрмыстық саладағы проблемалық мәселелер туралы «Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ балалары бар әйелдерді бейімдеу орталығы» КММ директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ф.Белгібаева баяндап берді. Тұрмыстық және өндірістік зорлық-зомбылық мәселелерін талқылауға Дағдарыс орталығының психологы В.Шамсутдинова қатысты.

Ұжымдық келісімдерге толықтырулар және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа іс-қимыл мәселелері бойынша ұсыныстарды Бастауыш ұйымдардың төрағалары қарауға енгізді.