Балалардың дүниеге келуі — бұл әрбір отбасындағы қуанышты оқиға, ал егер бала мереке күндері дүниеге келсе, бұл бүкіл отбасының қос мерекесі.
8 наурызда Халықаралық әйелдер күні Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында 9 бала дүниеге келді.
Босанған аналарды сәбилерді дүниеге алып келуімен және тамаша 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, ұйымдардың кәсіподақ комитеті отбасыларына амандық пен көктем көңіл-күйін, зор денсаулық тіледі. Әйелдің бақыты шексіз болсын!