Жаңа Қазақстанның жылнамасы 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастау алады. Бұл күні Қазақстан өзін Тәуелсіз мемлекет ретінде жариялады. 27 жыл бұрын өзінің тәуелсіздігін ала отырып, Қазақстан өзінің тарихындағы жаңа дәуірді ашты: нығайды, өзінің дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Дамудың жаңа жолына шыға отырып Қазақстан халықтың тәуелсіз болу туралы арманын жүзеге асырды. Халық алғашқы рет өзінің мәдениетін, тілін, сенімін, діні мен дәстүрін дамытуға қайтадан мүмкіндік алды. Бүгін республикамыздың әрбір азаматы өзінің тәуелсіздігімен мақтан етеді. Біздің елдің тәуелсіздігі – бұл қазақ елінің ең құнды байлығы болып табылады.
Ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Тәуелсіздік Күнін атап өту қарсаңында, 2018 жылдың 13 желтоқсанында ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК мәжіліс залында «Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың арманы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Әріптестерінің алдында өзінің құттықтауымен бас дәрігер А.У.Туребаев сөз сөйледі, ол өзінің сөзінде қазақстандық қоғам үшін бұл мерекенің маңыздылығын атап өтті.
Бұл іс-шара қалыптасқан дәстүр бойынша, ең жақсы қызметкерлерді марапаттаумен өз жалғасын тапты.
Тәуелсіз Қазақстанның даму жолында қол жеткізген табыстары мен денсаулық сақтау саласына және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін, бас дәрігердің МҚСБ жөніндегі орынбасары Р.К.Брыкова «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының құрмет грамотасымен марапатталды.
Өзінің лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен келесі әріптестер марапатталды:
Искакова Бакыт Кабылтаевна — №2 ЖДП бөлімшесінің меңгерушісі
Шайхова Айжан Алтынбековна — балалар учаскелік фтизиатр дәрігері
Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша, денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК дамуына жеке үлес қосқаны үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай келесі қызметкерлер ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК атынан құрмет грамоталарымен марапатталды:
- Киреев Жанат Мухтарханович — Хирургия бөлімшесінің онколог дәрігері;
- Галина Диана Нурслановна — №1 ЖДП бөлімшесінің жалпы практика дәрігері;
- Алимова Анар Шакарбековна — Зертхананың ем-шара медбикесі;
- Бакенова Шолпан Козыевна — Хирургия бөлімшесінің медбикесі;
- Бегетаева Роза Идиятовна — Зертхана санитары;
- Буженова Нурсулу Темиргалиевна — Анықтамалық-ақпараттық қызмет кеңесшісі;
- Неумывако Оксана Анатольевна — №3 ЖДП бөлімшесінің жалпы практика медбикесі;
- Орынхан Теңгегуль Абдиманапқызы — №4 ЖДП бөлімшесінің жалпы практика медбикесі;
- Сыздыкова Нургуль Амантаевна — №1 педиатрия бөлімшесі педиатрының учаскелік медбикесі;
Құрмет грамоталары ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК кәсіподақ комитеті атынан құнды сыйлықпен толықтырылды.
Одан кейін іс-шараның жүргізушілері көрермендерге ҚР Тәуелсіздігі және Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Ата, Тәуелсіздік дегенеміз не?» атты деректі фильмнен үзінді көрсетті.
Бұл атаулы іс-шараның соңында тағы бір сыйлық – Павлодар облыстық Бұхар жырау атындағы өнер және әдебиет музейінің жетекші мамандары атынан мерекелік концерт көрермендер назарына ұсынылды.
ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК ұжымы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды және барлығына бақыт, денсаулық және табыс тілейді. Әр үйге, әр отбасыға, халқымызға, біздің Қазақстанымызға бейбітшілік пен табыс тілейді.
Н. Кучерук, Д.Куанышкулова