Павлодар облыстық филиалымен еңбекті қорғау күніне арналған семинар өткізілді

2003 жылы Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялады. ХЕҰ мәліметтері бойынша әлемде күн сайын жазатайым оқиғалар нәтижесінде және өндірістегі зиянды факторлардың әсері салдарынан 5 мыңға жуық адам қаза болады. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанда, әлемнің дамыған және дамушы елдерінің көпшілігінде сияқты еңбекті қорғау проблемалары өзінің өзектілігін жоғалтпай отыр.

«SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҰ-ның Павлодар облыстық филиалымен 2019 жылғы 25 сәуірде Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған семинар өткізілді. Семинарда Павлодар облысының медициналық ұйымдарында еңбекті қорғау мәселелері талқыланды, қызметкерлердің қауіпсіз еңбекке құқықтарын қорғау қызметіндегі кәсіподақ ұйымдарының рөлі түсіндірілді. Денсаулық сақтау ұйымдары үшін ерекше негізгі зиянды факторларын, олардың әсерінен қорғану шараларын облыстық аурухананың ӨБЖ жөніндегі директордың орынбасары В.В.Костенко ұсынды.

«SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҰ Павлодар облыстық филиалының алғыс хаттарымен және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша және кәсіби міндеттерді ең белсенді жүзеге асырушы мамандар: БХЧ жөніндегі директордың орынбасары, Г.Султанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың кадрлар бөлімінің бас маманы В.В.Костенко, Ж.Б.Тургамбетов, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің техника қауіпсіздігінің инженері А.Б.Ахметжанов сыйлықтармен марапатталды.

Әрбір жұмыс орнында еңбекті қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстың бастапқы денсаулық сақтау ұйымдарының барлық кәсіподақ комитеттері әкімшілікпен бірлесе отырып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырды, олар: қауіпсіздік техникасы шараларын білуіне викторина өткізе отырып тақырыптық бейнеролик көрсету; еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен ұжымды таныстыру; ұжымдық шарттың тиісті бөлімдерінің мазмұндарын түсіндіру; еңбек басқармасы қызметкерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды; «Өмір бәрінен де қымбат» тақырыбында дәріс материалдары ұсынылды, жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі ұсыныстарды зерделеу үшін «Сенім жәшігі» акциясы өткізілді. Кейбір ұйымдарда еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес беру күні, тақырыптық слайдтарды көрсетумен сюжеттік-рөлдік сабақтар ұйымдастырылды.

Өткізілген іс – шаралардың жалпы және негізгі мақсаты — еңбекті қорғау мәдениетін және кәсіподақ ұйымдары тарапынан қоғамдық бақылаудың рөлін арттыру. Белгіленген міндеттерді шешуге жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлескен күш-жігері қосылатыны өте маңызды