«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚҰ –ның Павлодар облыстық филиалымен алғашқы ұйымның кәсіподақтық комитетінің тікелей қатысуымен және «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қолдауымен Павлодар жоғары медициналық колледжінде 2019 жылғы 13 наурызда «Жастар жылы» айдарымен, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне және Наурыз мейрамына орай қыздар арасында спартакиада өткізілді.
Спартакиадаға қыздардан құралған 4 команда қатысты: Павлодар жоғары медициналық, Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар педагогикалық, Павлодар технико-экономикалық колледждері.
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша: 1-ші орын Павлодар жоғары медициналық, 2-ші орын Инновациялық Еуразия университеті, 3-ші орын Павлодар педагогикалық, 4 – ші орын Павлодар технико-экономикалық колледждерінің қыздарын берілді.
Сайыстың барлық қатысушыларына құнды сыйлықтар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар және кубоктар берілді.