2019 жылдың 6-7 қарашасында колледждің спорт залында Павлодар медициналық жоғары колледжінің 70 -жылдығына арналған үстел теннисінен ашық біріншілік өтті, оған 1 және 2 курс студенттерінен 12 ұл және 12 қыз қатысты. Жарыстың мақсаты салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру үшін студенттерді сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларға тарту болды. Біріншіліктің финалистері: “Мейірбике ісі” мамандығының 220 тобынан -Касанова Айжан, Дүйсенбай Асылбай; “Емдеу ісі” мамандығының 220 тобынан-Солтанова Дана, Вдовин Александр, Серикбаев Рустам; “Емдеу ісі” мамандығының 210 тобынан -Киналбек Арайлым; “Қолданбалы бакалавр” біліктілігінің 220 тобынан-Пастухова Виктория; “Мейірбике ісі” мамандығының 110 тобынан – Марат Шайхыислам.
Қажырлы күресте чемпиондар атанғандар: 220 ф-р тобынан Александр Вдовин мен Дана Солтанова; күміс жүлдегерлер- 220 мб тобынан -Айжан Қасанова, 220 ф-р тобынан -Рустам Серикбаев. Қола медальдармен марапатталғандар- 210 ф-р тобынан Киналбек Арайлым және 220 мб тобынан Дүйсенбай Асылбай.