Наурыздың 14-і күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде мемлекеттік тілдің жанашыры, аудармашы Әлімбаева Сақыпжамал Жанәбілқызының 70- жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс–шара өтті. Мерейтой иесін құттықтауға әріптестері, туған-туыстары жиналды.
Сақыпжамал Жанәбілқызы Павлодар қаласына жолдамамен келіп,еңбек жолын мәдениет саласында бастады.
1993 жылдан бастап Павлодар облыстық әкімдігінің тілдер басқармасына шақырылып, мемлекеттік тіл, терминология мәселесімен айналысты. 1996 жылы облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
1999 жылдан бастап Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәнінен оқытушы болып, бүгінгі күні колледжің іс қағаздарын басқарып жүрген жоғары дәрежедегі маман.
Денсаулық сақтау мамандарын дайындауда елеулі қосқан үлесі үшін, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Алғыс хатымен және білім беру жүйесінде көп жылдық адал еңбегі, медицина қызметкерлерін оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан жеке үлесі үшін Павлодар облыстық маслихаты, “SENIM” Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы атынан Құрмет Грамоталарымен марапатталды.