8 наурыз Халықаралық әйелдер күнің тойлау қарсанында, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалы қолдауымен және әлеуметтік серіктестіктің қатысуымен салтанатты мерекелік шара өткізілді.
Павлодар облысы денсаулық сақтау саласында 76 пайыз әйел адамдар қызмет жасайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Е. Ержанов әлемнің ғажайып жандары –әйелдер қауымын тәуелсіз елдің гүлденуіне және қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықтын сақталуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Облыстын медицина мекемелерінде қызмет атқарып жүрген көпбалалы әйел-аналарға, «Алтын Алқа», «Күміс алқа» төс белгілері бар аналарға арнап құрмет көрсету рәсімі өтті және ақшалай сертификаттар ұсынылды.
Адамзаттың ғажайып бір бөлігі әйел қауымы жұмыскерлердін
«SENIM» Павлодар облысы филиал төрайымы С.Ш. Төлегеновамен кәсіподақтын белсенді мүшелерін аса белгілеп «SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» Республикалық қауымдастық бірлестігінің мадақтамасы, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет мадақтамасымен марапаттады. Аталған шараға қоса «Акушерка 2019» (Қостанай қ.), халықаралық конкурстын 1-ші орын женімпазы М. Абросимоваға 25.000 тенге ақшалай сертификат ұсынылды. Алдағы келген көктемді дәстүрлі түрде еске салып марапатталған алғашқы ұйымдардың кәсіподақ мүшелерінің барлығына гүл мен есте қаларлық сыйлықтар тапсырылды.