Павлодар облыстық филиалының төрағасы «Кәсіподақтардың қызметі» атты бағдарламаға қатысты

2019 жылғы 11 наурызда “ERTIS” облыстық теледидарында басты және де басқа салалық және жергілікті кәсіподақтардың құрамында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚҰ-ның Павлодар облыстық филиалының төрағасы «Кәсіподақтардың қызметі» атты бағдарламаға қатысты.

Бағдарлама барысында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі өзінің жұмысын ынтымақ, жасампаздық және қатыстылық сияқты үш қағидатты басшылық ететін заманауи кәсіподақтық бағыттағы жаңа форматты бірлестік ретінде ақпарат берілді.

Кадрларды дайындау және кәсіподақ мүшелерінің сауаттылық деңгейін көтеру мәселелері қозғалды. Медициналық мекемелерді жекешелендіру енгізілгеннен кейін жеке меншік медицина және медициналық мекемелерде корпоративті басқару дамуына байланысты, жеке құрылымдық мекемелерде кәсіподақтық жұмысты сақтау мәселесі пайда болды. Павлодар облысында 30 жеке құрылым жұмыс атқарады, олардың ішінде 5 мекеменің қызметкерлері ғана кәсіподақтың мүшелері болып табылады.

Қазіргі таңда «SENIM» кәсіподағы әлеуметтік маңызды бар бастаманы ұсынып отыр, ол: медицина қызметкерлерін санын көбейту мақсатында медицина жұмыскерінің статусын қамтамасыз ететін жағдай жасау, жас мамандарға әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз ету. Ағымдағы жылдың сәуір айында «SENIM» атаулы шақыртақыға конкурс өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша шакіртақы алушыға «SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚҰ-ның облыстық филиалдың қорынан шәкіртақы төленеді.

Жас мамандарды қолдау мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтау» бағдарламасы бойынша «SENIM» атаулы әлеуметтік пакетке конкурс жарияланды. Біздің облысқа Баянауыл, Ертіс және Щарбақты аудандарына 2019 жылы 3 сертификат (500 мың теңге) бөлінді.