Бүгін 2019 жылғы 8 мамырда Павлодар облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Маргарита Васильевна Демидоваға кіріп шықты.
Маргарита Васильевна Свердлов облысында Сухой-лог қаласында кәдімгі жұмыс-шаруа отбасында туған. Маргаританың әкесі зауытта жұмыс істеді. Ал анасы Маргарита 10 жаста болғанда аурудан көз жұмды. Ритадан басқа отбасында ағалары мен әпкелері болған. Әкесі кейін үйленіп, отбасы балаларға толды.
Соғыс Маргарита 15 жаста болғанда басталды. Барлығын майданға алып кетті, ол да жергілікті қыздармен бірге әскери комитетке оларды алып кетуге деген өтінішпен жүгіріп барды. Әскери жетекші олардан бас тартты, өйткені, олар кіші болды, ал соғысқа 18 жастан бастап алды, және те олар немен көмектесе алар еді. Бір жылдан кейін 16 жасында Маргарита медициналық училищеге шұғыл жылдамдатылған оқуға барды, бір жылға ешбір демалыссыз. Ал соғыс жалғасты. Және 17 жасында Рита тағы да майданға сұрануға барады. 1943ж. ол Смоленск қаласындағы №2549 эвакогоспитальге медбике болып қабылданды. Ол 2-ші Белоруссиялық майданға жатты. Оларға жарақаттанған жауынгерлері бар эшелондар келетін, жас медбикелер жарақаттанғандарды корпусқа тезірек апаруы тиіс, өтйкені, құрамды басқа солдаттарға жіберу керек болатын. Рита ұршықбуын корпусында болды, бұл оның жұмысын ауырлатты, жарақаттанғандар өз күшімен өз бетінше қозғала алмады. Жарақаттанғандардың көбі жарақаттардан емес, оларды ешқайда жатқызуға болмағандықтан көз жұмды, төсектер жетпеді, солдаттар еденде, сабанда жатып, суық тиіп пневмониямен ауырды.
1944 ж. Ританы Каунас қ. ауыстырды, кейін 1945 жылы Уссурийск қ. Алыс Шығысқа. Сонда ол Жеңісті қарсы алды. Осында Уссурийск қ. Маргарита Михаил Арсентьевич Демидовпен кездесті. Ол 1940 жылы әскерден кейін Омбы әскери училищесінде прожекторлық әскерлердің офицеріне оқып шықты. Бүкіл соғыстан өтіп, жер үсті қондырғысынан жау ұшақтарды қақты, Михаил командир болатын. Ол Мурмансктағы Заполярьеде соғысты, майдан Ленинградский деп аталатын. Көптеген қалаларды жаулардан босатты. Және ақырында Уссурийскіде Жеңіске қуанышты болды.
Михаил әскери даңқтың екі жұлдызымен, Заполярьенің қорғанысы үшін медальдармен, әскери еңбегі үшін және Жапония үшін медальдармен марапатталды.
1946 ж. қаңтарда Михаил Маргаритаға оның әйелі болуға ұсыныс жасайды, және шұғыл тіркелу керек болатын, өйткені, Михаилді келесі күні Қытаймен шекараға шақыртты, ал олардың айырылысқылары келмеді, және те Михаил Ританы Қытайға тек жұбайы ретінде ғана шақырта алатын еді.
Міне қалай қызық шықты: Михаил Ритамен АХАЖ-ға жүгіріп, ақырын қозғалатын үлкен кезекті көреді, ал уақыт жоқ, не істеуге болады? Кенеттен кезектен біреу №13 жазба бос деп айқайлайды, осы нөмірге ешкімнің тіркелгісі келмеді. Михаил ырымшыл болмайтын және көп ойланбастан Ританың қолынан ұстап алды кезек «командирге жол беріңіз!» деген айқаймен шегініп жол берді. Міне, осылай олар ерлі-зайыпты болып бірге 37 жыл ғұмыр кешті.
Сонымен Михаил Қытайға Далян қаласына кетеді, бірнеше уақыттан кейін оған Маргарита да келеді. Қытайда олар 9 жыл тұрды. Сонда олардың Светлана атты қызы мен Владимир атты ұлы туды. Кейін бөлім таратылды және бүкіл отбасы КСРО-ға қайтып келді. Алдымен Карелияға, ал кейін ауыстыру бойынша Қазақстанға Павлодар қаласына.
Павлодарда Михаил жас ұрпақты тәрбиелей отырып, әскери ісін жалғастырады. Ал Маргарита балалар ауруханасында хирургиялық бөлімшеде медбике болып жұмыс істейді.
1983 ж. Михаил Арсентьевич майор атағында сырқаттан көз жұмады. Ал Маргарита Васильевна немерелерін өсіруді жалғастыра береді.
1976ж. балалар жұқпалы аурулар ауруханасына ауысып, сол жерде зейнетке дейін жұмыс істейді.
Қазір Маргарита Васильевна 93 жаста. Оның мінеки бес шөбересі бар.
Және ол өзінің туған-туыстарымен Ұлы Жеңістің жетпіс төрт жылдығын мерекелейтін болады!
Маргарита Васильевна Германияны жеңгені үшін медальдармен марапатталды.