Көктемгі мереке Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Poliklinika №1» ЖШС мәжіліс залында «SUPER АПАШКА– 2019» байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеті отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, немерелерді лайықты тәрбиелеп отырған, отбасылық тәрбиелеуді сақтап отырған, отбасының дарындылығы мен қызығушылығын дамытып отырған, шығармашылық жасау үшін жағдай жасап отырған апаларымызды қошеметтеу болып табылады.
«SUPER АПАШКА – 2019» атағын алып жүруге емхананың әйел қызметкерлері арасынан 6 адам қатысты.
Конкурс ережесіне сәйкес, қатысушылар төрт кезеңнен тұратын сайыстан өту керек болды:
- «Ал бұл былай болды…» ұранымен Визит карточкасы;
- «Балдай тәтті» аспаздық жекпе-жек;
- «Құттықтау қағазы» немеренің қатысуымен шығармашылық өнер;
- «Кешкі бал!» кешкі киімдердегі дефиле.
Осындай байқауларды бағалау өте қиын және жауапты. Объективті, оның үстіне қатаң, тәуелсіз әділ қазылар құрамы келесі адамдардан тұрды:
- Муканова Г. Е. — Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның концерттік-гастрольдік бөлімінің кафедра меңгерушісі;
- Абдраманова С.С. — «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығы кеңесінің төрайымы;
- Иманов Ш. А. — Павлодар облысының «SUPER АПАШКА– 2018» жеңімпазы, қазылар алқасының төрайымы.
Бірінші минуттан бастап апалар көрермендер мен қазылар алқасын өздерінің әдеміліктерімен, көркемдіктерімен және сахнаға ұлттық киім үлгілерімен шығуымен таң қалдырды.
«Визит карточкасы» бірінші турында «Ал бұл былай болды…» ұранымен қатысушылар өздерінің бейнероликтер ұсынды, онда олар өздерін таныстырып, өз отбасы, қызығушылықтары туралы өздері шығарған өлең түрінде көрермендер мен әділ-қазылар назарына ұсынды.
«Балдай тәтті» аспаздық жекпе-жек сайысында апаларымыз өздерінің фирмалық тағамдарын ұсынып, дайындаудың құпияларымен бөлісті.
«Құттықтау қағазы» немеренің қатысуымен шығармашылық өнер байқауы шеңберінде қатысушылардың көрермендер алдына шығуы өте әсерлі болды, өйткені әрбір қатысушылармен еріп олардың сүйкімді немерелері бірге шықты. Қатысушылар өздерінің әріптестерін құттықтады, ал немерелері ән айтып, өлеңдер оқыды, ұлттық билер орындады, тіпті акробатикалық нөмірлерді де көрсетті.
Іс-шара «Кешкі бал!» кешкі киімдердегі дефилемен аяқталды. Қатысушылардың міндеті кешкі киім үлгісін көрсету болды. Апаларымыз сәнді киімлер үлгісін оңай көрсетіп, кез келген жаста әдемі және сұлу болып көрінуге болатынын дәлелдеді.
Барлық алты супер-апамыз, супер-қыздардан да асып кетеді – олар ән де айтады, биді де билейді, тігеді, тоқиды, бір сөзбен айтқанда қолдарынан барлығы келеді!
Шын мәнінде, барлық қатысушылар әдемі, дарынды, бірақ байқаудың аты байқау. Сондықтан жинаған ұпай қорытындысы бойынша барлық турлардың жеңімпаздары анықталды.
«SUPER АПАШКА – 2019» атағын әйелдер консультациясының акушері Ибрагимова С.Т. жеңіп алды.
№3 жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің медбикесі Белгібаева Б.К. «Ең заманауи апа» атағына ие болды; Окулист медбикесі Шарипова Ж. Х. «Ең дана апа» атағына ие болды; Санитар Кокешева С. Н. «Ең әдемі апа» атағына ие болды; Педиатриялық бөлімшенің учаскелік медбикесі Бигбаева Ш.А. «Ең сүйкімді апа» атағына ие болды; Мектеп медбикесі Бастимиева А.К. «Апа — үздік аспаз» атағына ие болды.
Байқаудың барлық қатысушылары емхананың кәсіподақ комитетінің қаражаты есебінен дипломдармен, сонымен қатар құнды сыйлықтармен марапатталды.