Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істейтін нәзік жанды әйелдер марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 8 наурыз күні Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында облыстың денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін нәзік жанды әйелдер, соның ішінде көп балалы аналар салтанатты түрде марапатталды. Іс шараны «SENIM» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырды. Павлодар медициналық жоғары колледжінің шаруашылық қызметінің қызметкері, көп балалы ана және «Күміс алқа» төс белгісінің иегері Сейітова Тендігүлге Алғыс хат пен 25 мың теңге сомасына Сертификат тапсырылды.

«Үздік акушер-2019» Халықаралық байқауында жеңіске жеткен «Емдеу ісі» мамандығының студенті Абросимова Марияға 25 мың теңге сомасына Сертификат табыс етілді.

Адал еңбегі, жоғары кәсіпқойлығы, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне Колледждің кәсіподақ комитетінің төрайымы Рахима Хадылханиевна Байкенова Грамотамен марапатталды