Ақсу қаласында алғашқы реет еңбекшілердің форум өтті.

10-шы желтоқсанда Павлодар облысы Ақсу қаласында «Ақсу ферроқорытпа зауыты» базасында «Лайықты еңбек — мемлекет тұрақтылығының негізі» атты алғашқы рет еңбекшілердің форумы өтті. Аталмыш шара ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясына ұштастырылған. Форум «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.С. Әшімбаевтың, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Б.Ж. Әбдірайым мен Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың баяндамаларынан басталды. Форумға «Нұр Отан» партиясының өкілдері, кәсіподақ федерациясының басшылары мен оның мүшелік ұйымдары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері және кәсіпорын басшылары қатысты.

Форум барысында 2018 жылғы ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» атағына республикалық конкурстың лауреаттары марапатталды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» номинациясы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының техникалық инспекторы Теміров А.К. жеңіске жетіп, грамотамен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Сонымен қатар, форум барысында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға арналған «Еңбек қауіпсіздігі — адам капиталын сақтау факторы» атты семинары өтті. Шақырылған қонақтардың ішінде Молдова (Кишинев қ.) Ұлттық кәсіподақ конфедерациясының еңбек инспекторатының директоры Е.Каркилан, Павлодар облысы Еңбек басқармасының басшысы А.Қ. Қапанов, Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры С.Л. Прокопьев және салалық кәсіподақтардың техникалық инспекторлары баяндама жасады.

Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.