14-ші желтоқсан күні Павлодар қаласында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Денсаулық сақтау басқармасы, Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық департаменттері, медициналық ұйымдардың бірінші басшыларының, кәсіподақтардың облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттары, облыс әкімінің, Денсаулық сақтау басқармасының, «SENIM» республикалық бірлестігінің және Кәсіподақтың облыстық филиалының Құрмет грамоталары табысталды.