Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Павлодар облысының Денсаулық сақтау ұйымдарында салауатты өмір салтын насихаттауға, аурулардың алдын алуға және ерте анықтауға, оның ішінде ашық есік күндері, дене шынықтырумен жаппай айналысуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
6 сәуірде Павлодар облыстық кардиологиялық орталығында әрбір келген тұрғын өзінің артериялық қысымы, қандағы қант деңгейі туралы ақпаратты, сондай-ақ дәрігерге дейінгі ұсыныстарды тегін ала алды.
Екібастұз қалалық ауруханасының қызметкерлері денсаулық күні топтық жаттығуларға және спорттық тренажерлардағы сабақтарға қатысты. Павлодар Жоғары медициналық колледжінің қызметкерлері студенттерге арнап спорттық-би флэшмобын және тақырыптық сынып сағатын өткізді.
Барлық іс – шаралардың негізгі мақсаты-ел азаматтарының өмір сүру ұзақтығын және сапасын арттыру, соның ішінде дене шынықтырумен айналысу, зиянды әдеттерден бас тарту, сондай-ақ ауруларды ерте анықтау арқылы.