Жер бетіндегі ең жарқын мереке – Наурыз келіп жетті. Бұл бейбітшілік пен жасампаздық, махаббат пен келісім мерекесі. Біздің Қазақстан әр-түрлі этностар қоныстанған бола тұра, бірлік пен түсіністікте өмір сүріп жатыр.
Тамаша көктемгі мереке-Наурыз, табиғаттың жаңаруын ғана емес, адами рухтың жаңаруын бейнелейді. Ол адамдарға ерекше әсер етеді, барлығын патриоттық рухта біріктіріп, мейірімді істер мен жасампаздыққа жетелейді. Бұл мерекені әрбір қазақстандық отбасында атап өтеді.
Көктем мереке қарсаңында, барлық медициналық ұйымдарда кәсіподақ комитеттерінің күшімен мерекелік іс-шаралар өткізілді:
Екібастұз перзентханасында Наурыз мейрамын тойлау «Казақстан халықтарының достастығы» тақырыбында өтті.
Перзентхананың әрбір бөлімшесі өзінің ұлтын, мәдениетін, салт-дәстүрін көрсетті. Этностар арасында қазақтар, өзбектер, әзірбайжан, моңғолдар, татарлар, белорустар, орыстар, украиндар сияқты ұлттар таныстырылды.
Мерекелік іс-шара барысында перзентхананың қызметкерлері қатарынан 7 көп балалы отбасы үшін қайырымдылық акциясы (азық-түлік себеті түрінде) өткізілді.
Павлодар қаласының №4 емханасының импровизацияланған киіз үйінде мол дастархан жайылып, оның басты әшекейінің бірі ретінде «Наурыз көже» атты мереке символдарының бірі қойылды. Таңертеңнен бастап шаруа медбикелері ұлттық костюмдерде «Наурыз көжемен», бауырсақтармен және шығыс тәттілерімен барлық келушілер мен қызметкерлерге дәм татырды, ардагерлерді құттықтау іс-шарасы өткізілді.
Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансердің акті залында мерекелік концертпен салтанатты іс-шара өтті.
«Poliklinika №1» ЖШС қызметкерлердің күшімен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» ұранымен мерекелік іс-шара өткізіліп, үлкен оқиға «Шашу» әдемі және қуанышты салтынан басталды.
Мерекелік іс-шара аясында «Саумалық» және «Кимешек кигізу» ұлттық салт-дәстүрлерінің театрландырылған қойылымы көрсетілді. Әсіресе көрермендерге «Тобық жұту» ойыны ұнады.
Салтанатты іс-шара барысында көрермендерді дәстүрлі Наурыз көжемен және дәмді бауырсақтармен қуантты. Өмірдің 7 элементін білдіретін 7 ингредиенттен тұратын «Наурыз — көже» дәстүрлі басты тағам болды. Мерекелік бағдарлама барысында музыкалық нөмірлерден басқа, кәсіподақ комитетінің қаражаты есебінен үздік қызметкерлер құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Медициналық қызметкерлер осындай іс-шаралар әрқайсымызда патриотизм мен интернационализм сезімін, өз еліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін жетілдіретінін атап өтті.
Облыстық қан орталығы «Наурыз – мейрамы» мерекесіне орай ұлттық тағамдарды ұсына отырып, этникалық мәдениеттердің конкурсын өткізді. Орталықтың барлық келушілері дәстүрлі тағамымыз – бауырсақпен тамақтандырылды.
Облыстық кардиологиялық орталық мерекелік іс-шараның құрметіне қызметкерлермен, сондай-ақ би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында орталықтың үздік қызметкерлері құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.