Ғажайыптар мен Жаңа Жыл

Жаңа Жыл-балалық шақ пен сиқыр мерекесі. Жаңа Жыл әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жарқыраған шамдар мен мандариннің хош иісі араласқан алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша -осының бәрі керемет, бізді кішкентай кезімізге алып барғандай болады. Мүмкін, осындай ғажайып сезімді бірде-бір мереке қамтымайтын шығар.

Жаңа Жыл қарсаңында, Павлодар медициналық жоғары колледжінің кәсіподақ комитеті 24 желтоқсан күні А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрында қызметкерлердің балаларына арналған дәстүрлі Жаңа Жылдық шырша ұйымдастырды. Мерекенің кішкентай қонақтарын қызықты ойындар, конкурстар, шыршаның айналасында ертегі кейіпкерлерімен хоровод және Аяз атаның сыйлықтары — көңілді іс-шараның ажырамас бөлігі күтіп тұрды. Бұл іс-шара «Орман сиқыршысының құпиясы» атты Жаңа жылдық ертегі қойылымымен аяқталды.

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!