Павлодар облыстық филиалының өкілдері «Jastar – senim men serpin» республикалық жастар форумына қатысты

«Жастар жылы біз жас қазақстандықтардың маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған қарапайым және түсінікті қолдау құралдарын әзірлеуіміз керек. Бұл-ең алдымен, қолжетімді және сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй және отбасын құру мүмкіндігі» Н.А. Назарбаев

(Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен, 2019 жылғы 23 қаңтар)

 

2019 жыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевпен «Жастар жылы» болып жарияланды. Президенттің Жолдауында белгіленген міндеттер шеңберінде 2019 жылы Кәсіптік одақтар оларды іске асыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Осы іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 16-17 мамырында Қарағанды қаласында денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «Jastar – senim men serpin» республикалық жастар форумы өтті, оған «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҰ-ның Павлодар облыстық филиалының өкілдері қатысты. Бұл форум биылғы жылдың басынан Атырау, Қызылорда және Қостанай қалаларында өткен марафонның аймақтық кезеңдерінің қисынды қорытындысы болып табылады.

16 мамырда Форум басталмас бұрын делегаттар үшін «Карлаг»саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына бару ұйымдастырылды. Бұл ескерткіш жас адамдардың жүрегінде терең әсер қалдырды.

Республикалық форумның жұмыс бағдарламасы жастар саясатының барлық бағыттары бойынша пікір алмасу мен пікірталастар барысында жетілген көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ жас мамандарды кәсіби жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шараларды қарастырды.

Бірінші күні «Чайка» қонақ үйінің конференц-залында форумның ресми ашылуы өтті. «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҰ-ның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Н.Ш.Бидайбаев құттықтау сөзін сөйледі.

Форумның бірінші күні өткен кәсіподақ көшбасшылық мектеп аясында уәждемелік сессияда денсаулық сақтау жүйесінің жас мамандарын қолдаудың, олардың бастамалары мен белсенді өмірлік ұстанымының өзектілігін айтылды. Бұл іс-шараға беделді спикерлер  қатысты, атап айтқанда «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҰ-ның төрағасы С.С.Дүйсенов, «Қарағанды медицина университеті» ҰАҚ-ның проректоры, м.ғ.д., профессор Б.Н.Көшерова, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Тұякова.

 

Делегаттармен жеке секциялар бойынша жұмыстар және «Дін және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысу өте қызықты және пайдалы деп танылды.

Бірінші жұмыс күнінің соңында делегаттардың өздері қатысқан көркемөнерпаздар байқауы өтті. Нөмірлердің сапасы шын мәнінде дарынды адамдардың барлығы талантты екенін растады. Көрермендердің назарында «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҰ-ның Павлодар облыстық филиалы делегациясының көркем нөмірлері үлкен табысқа ие болды, олар: халық билерінің хореографиялық поппуриіндегі нағыз энергия шоғыры, біздің конкурсанттар орындаған «Нотр Дам де Пари» шедевралық мюзиклінен үзіндіде актерлер мен вокал ойынының романтизмі.

Форумның екінші күні 17 мамырда «Қарағанды медицина университеті» ҰАҚ-нығ бас корпусында өтті. Атап айтқанда «Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаудың тиімділігін қалай арттыруға болады» (жаттықтырушы: Нұрашева Б.Ш., PhD, ҚазГЗУ доценті), «Тиімді коммуникацияны құрудағы әлеуметтік медианың рөлі» (жаттықтырушы: Абенов М.А., «SERPIN» Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы), «Денсаулық және мамандық» (жаттықтырушы: Коспаев Т.А., м.ғ.к., Е.Букетов атындағы ҚарМУ кафедрасының профессоры) тақырыптары бойынша тренингтерден басталды.

Сонымен қатар, жастар кеңесінің төрағаларымен университет аллеясында ағаш көшеттері отырғызылды.

Жұмыстың екінші күнінің салтанатты бөлімі «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҮ-ның төрағасы С.С.Дүйсеновтің, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Қ.Аймағамбетовтің, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Ш.Нұрлыбаевтың, Қарағанды облысы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Б.Нұрымбетовтің құттықтау сөздерімен сөз сөйледі.

Бұдан басқа, кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін денсаулық сақтаудың жас мамандары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының, облыс әкімдерінің, «SENIM» кәсіподақтары Орталық Кеңесінің грамоталарымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталды. Форум аясында өткізілген тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж медицина қызметкерлеріне қайырымдылық және тұрғын үй сертификаттарын тапсыру кәсіподақ тарапынан Елбасының қоғам мен мемлекет алдына Жастар жылы қойған міндеттерін шешу жолындағы нақты қадамдардың көрінісі болды.

Барлық делегаттар форум аясында өткізілген іс-шаралардың өзектілігін бағалады. Біздің делегаттарымыз, «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҰ-ның Павлодар облыстық филиалының Жастар кеңесінің мүшелері үшін осындай деңгейдегі форум олардың кәсіби өмірінде алғаш рет өтуде. Осыған байланысты, осындай ірі және тиімді іс-шара олардың кәсіби жетілуіне күшті түрткі болатынына сенім білдіреміз.