Кәсіподық күні аясында «SENIM» Кәсіподақ Кубогы жүлдесіне арналған медициналық қызметкерлер арасындағы шағын футбол турнирі ұйымдастырылды

Кәсіподық күні аясында «SENIM» Кәсіподақ Кубогы жүлдесіне арналған медициналық қызметкерлер арасындағы шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Олар өңірдегі барлық облыстық денсаулық сақтау жұмысшы жастарынан құрылған топтар.

Турнир екі кезеңнен тұрды. Бірінші — іріктеу жарыстары өтсе, екіншісі – І, ІІ және ІІІ орындар үшін бәсеке болды. Бұл жарыста жеңімпаз атанған командаға (І орынға) — 30 000 теңге, ІІ орынды жеңіп алған командаға — 20 мың теңге, ал ІІІ орын үшін – 10 мың теңге жүлде тігілген.

Тартысты ойында І орынды ШЖҚ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМК, ІІ орынды Стоматологтар командасы, ІІІ орынды поликлиника қызметкерлері құрама командасы иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар «SENIM» кәсіподақ комитетінің медальдарымен, ақшалай сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.