2019 жылғы 20 ақпанда Павлодар облысының кәсіподақ орталығында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚҰ-ның Павлодар облыстық филиалының Жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Жастар кеңесінің отырысында жастардың әлеуметтік проблемалары және оларды шешудің жолдары қарастырылды. Сөз сөйлеушілер салауатты өмір салтын және салауатты орта құруға бағытталған жұмыстың қажеттілігіне назар аса аударды.
Отырыс барысында Жастар кеңесінің жоспары құрылып, жұмыс орындарын сауықтыру бойынша негізгі мәселелері қарастырылған «Салауатты жұмыс орындары» тақырыбында презентация өткізілді.