Жастар кеңесі

8-ші ақпан күні «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы облыстың бастапқы медициналық ұйымдарының кәсіби активтерімен және жастарымен селекторлық режимде жиналыс өткізді.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2019 жыл Жастар жылы деп белгіленген, осыған байланысты жиналыста облыстық филиал жанынан Жастар кеңесі құрылды. Дауыс беру арқылы Кеңес төрағасы және Жастар кеңесінің мүшелері сайланды. Жастар кеңесінің жұмыс жоспары ұсынылды, сонымен қатар Қарағанды қаласында өңірлік жастар форумын өткізуге және Республикалық жастар форумына қатысу жоспарлануда.