Оқыту семинары

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында аумақтық кәсіподақ бірлестігінің қолдауымен, кәсіподақ орталығының мәжіліс залында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау. Өндірістік кәсіби аурулар. Өндірістік кәсіби аурулардың алдын алу» тақырыбында техникалық инспекторлар, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер, АҚ және ТЖ штабтарының басшылары, инфекциялық бақылау комиссиясының мүшелері, облыстың қалалары мен аудандарының медициналық мекемелерінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес мүшелері үшін семинар-тренинг өтті. Оқыту семинарының бастамашысы Павлодар облыстық «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚБ филиалы» болды. Семинарға қатысушыларды «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» АКБ-нің төрайымы — Д. Айтжанова және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы С. Төлегенова қарсы алды.

Семинар барысында презентациялар мен дәрістер қолданылды. Оқыту Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы М.Г. Раденцевтің қатысуымен «Туберкулезге қарсы ұйымдарда кәсіби жұқтырудың алдын алу» тақырыбы бойынша, халық арасында, медицина қызметкерлері арасында да туберкулез аурушаңдығы туралы эпидемиологиялық жағдайға байланысты баяндама жасалды.  Келесі дәріскер Павлодар облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Г.Т. Күлмағанбетова «Кәсіптік аурулардың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері А.М. Асылханова «АИТВ-инфекциясы кезінде кәсіби жұқтырудың алдын алу» тақырыбына баяндама жасады. Республикада және облыста АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайы, жұқтыру қаупі мен факторлары туралы баяндады.  Еңбек басқармасының бас маманы К.З. Балтабаева «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Нормативтік база жөнінде «ҚР Заңдары саласындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» АКБ-нің құқықтық мәселелері бойынша бас маманы Иванова М.А баяндама жасап, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» саласында қандай заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасауға болатынын хабарлады.

Семинарға қатысушылар оқыту семинарына оң баға беріп, алған білімдері үшін алғыс білдірді. Қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.