Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға және № 3 Павлодар қалалық ауруханасына 20 комбинезон және 2 тепловизор түрінде көмек көрсету

Ұлттық волонтерлік желі тарапынан жеке қорғаныс құралдарын беру эстафетасын Павлодар облысы кәсіподақтарының қатысуымен «Senim»Денсаулық сақтау кәсіподағының жастар қанатының төрағасы С. Исина қабылдады. Бұл қаражат 20 комбинезон және екі тепловизор түріндегі облыстық ауруханаға (инфекциялық стационарда COVID 19 бар пациенттер ем қабылдайды) және Павлодар қаласының №3 қалалық ауруханасына (ол бүгінгі күні провизорлық стационар ретінде жұмыс істейді) жеткізілді. Ертіс өңірінің медициналық қоғамдастығы «Қазақстанның 7 аймағындағы пандемиямен күресте медицина қызметкерлерін қолдау»жобасы үшін Ұлттық еріктілер желісі / National Volunteer Network және Nazarbayev University әлеуметтік Даму Қорына үлкен алғыс білдіреді. Сенім Ким бастаған еріктілер желісі тарапынан көрсетілген көмек біздің пандемияға қарсы күрестегі бірлігімізді білдіреді! Қазақстан-біздің үлкен ортақ үйіміз. Біз бәріміз бірге осы қиындықтарды жеңеміз!