Облыстық филиалдың 2018 жылғы қызметі мен өткізілген іс-шаралары туралы есеп

29-шы қаңтарда Павлодар облысы Кәсіподақ орталығының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілінің қатысуымен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының кәсіподақ жиналысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Ч. Төлегенова медицина ұйымдарының кәсіподақ төрағалары назарына облыстық филиалдың 2018 жылғы қызметі мен өткізілген іс-шаралары туралы есеп берді, сондай-ақ жылдың маңызды шараларын атап өтті. Олар: «Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен салалық келісімі, Республикалық маңызы бар форумдарға қатысуы, «Павлодар  облысының  Медициналық қауымдастығы  «Саламатты Павлодар» ҚБ мен «Павлодар облыстық тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы» ҚБ-нің медициналық қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумы. Облыстық филиалдың жұмсалған қаржы активтері мониторингінің нәтижесі қаралды. Бұл туралы филиалдың тексеру комиссиясының мүшесі Н. Фахрутдинова есеп берді.

Бастауыш ұйымдардың төрағалары ұсынған іс-шаралар бойынша ұсыныстар облыстық филиалдың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту кезінде ескерілетін болады.